Балдың қандай пайдасы бар? / Полезные свойства мёда » №170 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » »  Балдың қандай пайдасы бар? / Полезные свойства мёда
14
қараша
2022

 Балдың қандай пайдасы бар? / Полезные свойства мёда

 Балдың ағзаға пайдасы: Бал жеудің 8 себебі

Балдың қандай пайдасы бар?

Мамандардың айтуынша, балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, иммунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш-қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады, тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды. Ол сондай-ақ жүрек-қан тамырлары ауруына, бауырға, бүйрекке, ішек-қарын жолына, суық тиюге, құяң мен өтке пайдалы. Балды құрт ауруына, ұйқысыздыққа, бас ауруына, қан қысымына, асқазан жарасына, тіпті күйікке де ем ретінде пайдалануға болады. Балдың сондай-ақ аллергияға, бактерияға, қабынуға қарсы да қасиеттері анықталған.

         Балдың химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, топырағына, ауа райының жағдайына және балдың түрлеріне байланысты өзгереді. Балдың сапасы негізінен хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдылығы, қоректік және жабысқақ қасиеттері арқылы ажыратылады.

         Өте құнарлы, тойымды болғанына қарамастан құрамында ауыр қорытылатын элементтер кездеспейді. Бал құрамы қанға, одан жасушалар мен тіндерге тез сіңіп кететін көмірсулар, белоктар, протеиндер (аминқышқылдары мен органикалық қышқылдар), минералды тұздар (калий, кальций, натрий, темір, хлор тұздары және күкірт т.б.), пайдалы микроэлементтер мен ферменттерге (каталаз, липаз, амилаз) өте бай. Құрамындағы фруктоза, глюкоза және құрақ қант бұлардың барлығы да адам ағзасына аса қажетті.

Балдың құрамы мен қуаты

        Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

         Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамта-масыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

          Бал – әртүрлі аурулардың алдын алу және оларды емдеуге қызмет ететін ара шаруашылығының керемет өнімі. Сонымен қатар, бұл тәттіні қант диабетіне шалдыққан адамдарға да қолдануға болады. Бірақ, балдың табиғи екеніне сенімді болу үшін оны арашыдан сатып алған жөн. 

Балдың ағзаға қандай пайдасы бар

1. Таза тері.  Бал – өте күшті антиоксидант. Ол терідегі тесіктердің бітелуіне және безеу мен терінің ерте қартаюға алып келетін ағзадағы уытты заттарды шығарады. Балды жеуден бөлек, онымен маскалар жасауға болады. Сонда бет барқыт тәрізді жұмсақ және тегіс болады. 

2. Арықтау Артық салмақтан арылу керек болса, тәтті жеуге болмайтынын өздеріңіз де білесіздер. Бірақ, ол тәтті бал емес. Балды жеуге рұқсат етіліп қана қоймай, сонымен қатар оны арықтағысы келетіндерге ұсынады. Ол метаболизмді жақсартатындықтан, артық салмақ тез кетеді. 

3. Холестерин деңгейін қалыпқа келтіру.  Бір қызығы, балдың құрамында холестерин жоқ. Бірақ, оның құрамында холестерин деңгейін төмендетуге көмектесетін микроэлементтер бар. Жоғарыда айтылғандай, балды күнделікті тұтыну ағзадағы антиоксидант қосылыстарының деңгейіне оң әсер етеді. Ал, ол өз кезегінде жоғары холестерин деңгейімен күреседі. 

4. Сау тамырлар Балды күнделікті қолданылу жасы келген адамдардың барлығында пайда болатын жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады. Медициналық зерттеулер көрсеткендей, балдың құрамына кіретін антиоксиданттар артериялардың тарылуының және қан ұйыуының алдын алады. 

5. Есте сақтау қабілетінің жақсаруы.  Күнделікті бал тұтынатын адамдардың есте сақтау қабілеті әлдеқайда жақсы дамығаны ғылыммен дәлелденген. Сондай-ақ, олардың қартайғанда ұмытшақтыққа шалдығу ықтималдығы да нөлге тең. Сонымен қатар, балдағы кальций миға жақсы сіңеді, және бұл оның жұмысына жағымды әсер етеді. 

        6. Дұрыс ұйқы. Қатты ұйқы психо-эмоционалдық денсаулық пен сұлулықтың кепілі болып табылады. Ал бал тез ұйықтауға ықпал ететін гормон – серотониннің өндірілуіне мүмкіндік жасайды. Сондықтан ұйқы алдында бір қасық бал жеп жататын болсаңыз жақсы ұйықтайтын боласыз. 

7. Асқорыту трактісін қалыпқа келтіру. Асқорытуды жақсарту үшін аш қарынға бір қасық бал жеу ұсынылады. Осындай қарапайым рәсім асқазан-ішек жолдары ауруларының пайда болуына жол бермейді. Сонымен қатар, бал асқазан жолында бактерияларды жояды, сондай-ақ асқазанның шырышты қабығындағы жараларды емдейді. 

8. Антидепрессант. Балдық құрамындағы глюкоза нейрондар үшін қажет. Ол қанға тез сіңіп, босаңсуға, сіңірдің тартылуын төмендетуге және психологиялық бұзылуларды емдеуге ықпал етеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: