Дұрыс тамақтану / правильное питание » №170 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қаңтар
2023

Дұрыс тамақтану / правильное питание


Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі – Біздің денсаулығымызға көптеген факторлар әсер етеді. Олардың ең негізгілері: экология, еңбек пен демалыс тәртібі, дене шынықтыру және дұрыс тамақтану. Бүгінгі сабағымыз соңғы факторға арналған. Себебі, адамның денсаулығы – оның салауатты тамақтануына тікелей байланысты. Мәзір таңдау – Өздеріңізді мейрамханада отырғандай елестетіңіздер. Даяршы сіздерге мәзір алып келді. Түскі асыңызға қандай тағамдарды таңдайсыздар? Мәзірдегі тағамдар: компот, қытырлақ картоп (чипсы), етті көже, кока-кола, бургер, тұшпара, жемістер, шоколад, бауырсақ, колбаса, көкөніс салаты. – Кейбір оқушылар салауатты өмір салтына сәйкес келмейтін тағамдарды таңдапты. Сондықтан, дәрігер-диетологтардың пікіріне сүйене отырып, сіздерге әлемдегі ең зиянды 5 тағам жайлы айтып берейін. Газдалған тәтті сусындар (Кола). Мұндай сусындардың құрамында қанттың мөлшері өте көп, 1 литрға шамамен 25-30 қасық қант қосылады! Нәтижесінде, семіздік және жүрек-қан тамырлары аурулары пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, газдалған сусындар денедегі кальцийдің мөлшерін азайтып, сүйектердің сынғыштығына әкеліп соғады. Чипсы. Құрамындағы зиянды заттар асқазан-ішек жолдарының жұмысын бұзады. Тәжірибе барысында, қытырлақ картопқа майдың, крахмалдың және тұздың көп мөлшерде қосылатыны анықталды. Бұл астмаға, қант диабетіне және сүйектердің дұрыс жетілмеуіне әкеледі. Бургер. Кез келген жылдам тағамның ең қауіпті компоненті – ол майлар. Өйткені, олар табиғи емес, химиялық жолмен өнделіп, артық салмақтың қосылуына септігін тигізеді. Ал, құрамындағы иіс пен дәм күшейткіштердің кесірінен адамға үй тамағы дәмсіз болып сезіліп, фаст-фуд өнімдеріне тәуелділік туады. Сондықтан, мұндай тағамдардан бас тартуға кеңес беріледі. Колбаса. Бұл тағамнан – бірінші кезекте ас қорыту жүйесі зақымдалады. Оның құрамында қатерлі ісіктің дамуын тудыратын канцерогенді заттар бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұжық пен шұжықша (сосиска) өнімдерін мәзірден толығымен алып тастауды ұсынады. Шоколад. Бұл жоғары калориялы өнім. Денеде майдың жиналуына әсер етіп, жүрек-тамыр аурулары, ентігу және гипертонияның басталуына себепкер болады. Құрамында кофеин болғандықтан, ол тахикардияға, мазасыз ауытқуларға және жоғары қан қысымына әкелуі мүмкін.

Здоровое питание-залог здоровья-на наше здоровье влияет множество факторов. Основные из них: экология, режим труда и отдыха, физическая культура и правильное питание. Сегодняшний урок посвящен последнему фактору. Причина в том, что здоровье человека напрямую зависит от его здорового питания. Выбор меню-представьте себя сидящим в ресторане. Официант принес вам меню. Какие блюда вы выберете на обед? Блюда в меню: компот, Хрустящий картофель (чипсы), мясной суп, кока-кола, бургер, пельмени, фрукты, шоколад, рогалики, колбаса, овощной салат. - Некоторые школьники выбирали продукты, не соответствующие здоровому образу жизни. Поэтому, исходя из мнения врачей-диетологов, позвольте мне рассказать вам о 5 самых вредных продуктах в мире. Газированные сладкие напитки (Кола). В таких напитках очень много сахара, на 1 литр добавляется около 25-30 ложек сахара! В результате могут возникнуть ожирение и сердечно-сосудистые заболевания. Газированные напитки также могут снизить количество кальция в организме, что приведет к хрупкости костей. Чипсы. Содержащиеся в нем вредные вещества нарушают работу желудочно-кишечного тракта. В ходе эксперимента было обнаружено, что в хрустящий картофель добавляют большое количество жира, крахмала и соли. Это приводит к астме, диабету и неправильному созреванию костей. Бургер. Самый опасный компонент любой фаст-фуда-это жиры. Это потому, что они неестественно химически обработаны, что способствует увеличению веса. А из-за содержащихся в нем усилителей запаха и вкуса человеку кажется, что домашняя еда невкусная, и возникает зависимость от продуктов быстрого питания. Поэтому рекомендуется избегать таких блюд. Колбаса. Из этой пищи-в первую очередь, повреждается пищеварительная система. Он содержит канцерогенные вещества, вызывающие развитие рака. Всемирная организация здравоохранения рекомендует полностью исключить из меню колбасы и колбасные изделия (сосиски). Шоколад. Это высококалорийный продукт. Влияет на накопление жира в организме, провоцирует возникновение сердечно-сосудистых заболеваний, одышки и гипертонии. Поскольку он содержит кофеин, он может привести к тахикардии, тревожным колебаниям и высокому кровяному давлению.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: