16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні/ 16 декабря - День Независимости Республики Казахстан » №170 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні/ 16 декабря - День Независимости Республики Казахстан
16
желтоқсан
2022

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні/ 16 декабря - День Независимости Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсанда аталып өтетін ұлық мереке. Бұл күн мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан, 16 желтоқсан күнтізбеде демалыс болып белгіленген.
Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік наградалармен марапатталады.
Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке. 1991 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Тәуелсіздік арқасында Қазақстан егемен ел ретінде өз бетінше ішкі-сыртқы саясатын жүргізетін, өз аумағында билікті толық иеленген тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды. Демократиялану жолындағы бағыт Қазақстанды егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде, қазақ халқы ұлттық тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтап, өз бастамалары мен ерекшеліктерін жаңғырта алатындығын жария етуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл күн 1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасын еске алу күні. Қазақ жастары ССРО басшылығының саясатына наразылық білдіріп, ұлттық мүдде мен құқықтың тапталуына қарсы шықты. Бұл – батырлық пен патриоттықтың нышаны болды. Осы оқиға Қазақстан халқының тәуелсіздікке ұмтылысын айқын көрсетіп, республика алдындағы ең биік мақсатты – егемен елдікке ұмтылысты көрсетті.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - Қазақстан және  әлемдегі соңғы жаңалықтар

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: