«Темекі шегу мен сыра алкоголизмінің балалар ағзасына әсері»/"Влияние курения и пивного алкоголизма на детский организм" » №170 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Темекі шегу мен сыра алкоголизмінің балалар ағзасына әсері»/"Влияние курения и пивного алкоголизма на детский организм"
30
наурыз
2023

«Темекі шегу мен сыра алкоголизмінің балалар ағзасына әсері»/"Влияние курения и пивного алкоголизма на детский организм"

30 наурыз 7-11 сынып оқушыларына мектеп медбикесі мен әлеуметтік педагог бірлесе отырып «Темекі шегу мен сыра алкоголизмінің балалар ағзасына әсері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізді. Оқушылар "Салауатты өмір салтын" ұстану дұрыс таңдау екені туралы ойларымен бөлісті. 

Никотиннің тамшысы ат өлтіретінін тіпті бала да біледі. Алайда, темекі шегушілерге бұл факт ерекше әсер етпейді: бір уақытта осыншама темекі шеге алмайсың деп, өзін тыныштандыра отырып, олар ұзаққа соза отырып, баяу өзін өлтіруді жалғастырады. Сонымен қатар, темекі түтінінің зияны никотинмен ғана емес - ол тек бауыр басады, ал басқа қалғанының бәрі ағзаны бұзады.

Алкогольдің өсер ұрпақ үшін  зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес, себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.

Спирт — ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық- зомбылық оқиғаларының үштен екісі және  балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.


30.03.2023г совместно социальный педагог и мед.сестра школы провели беседу с учащиемися 7-11 классов на теу "Влияние курения и пивного алкоголизма на детский организм". Учащиеся поделились своими мыслями о правильном выборе ведения «здорового образа жизни». 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: