Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-33-49
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 1 Педагогикалық кеңес/ Педагогический совет № 1
28
тамыз
2025

№ 1 Педагогикалық кеңес/ Педагогический совет № 1

 Бірыңғай республикалық педагогикалық кеңес

28 тамыз күні Алматы қаласы №170 мектепте  №1 Педагогикалық кеңес өтті.
Тақырыбы: «2025–2026 оқу жылындағы мектептің білім беру саясаты мен басымдықтары».

🎯 Мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруда бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету.

Күн тәртібі:
1️⃣ Жаңа оқу жылындағы білім беру ұйымының басым бағыттары.
2️⃣ Жылдық жұмыс жоспарын бекіту.
3️⃣ Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі.

Кеңес барысында мына мәселелер қаралды:
🔹 ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың 15 тамыз 2025 жылғы Тамыз конференциясындағы баяндамасы,
🔹 ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері,
🔹 Жаңа нормативтік-құқықтық құжаттар мен бағдарламалар:
– Бірыңғай бағдарлама «Адал азамат»,
– Академиялық адалдық қағидалары,
– 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық

 тәсілдері,
– ЖИ-ды этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық,
– Педагогтардың құқықтарын қорғау және кәсіби дамуын жетілдіру.

✨ Педагогикалық кеңес жаңа оқу жылына арналған мектептің стратегиялық бағыттарын айқындаған маңызды басқосу болды.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: