Педагогикалық кеңес/ Педагогический совет
📌 2025 жылғы 5 қарашада КММ №170 мектепте педагог-психолог Имаш Д.С. педагогикалық кеңесте «Білім беру ортасындағы буллингтің алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. 🗣️ Баяндамада агрессивті мінез-құлықтың себептері, буллингтің алғашқы белгілері және оның алдын алу тәсілдері қарастырылды. Ерекше назар мектепте қауіпсіз атмосфера қалыптастыруға, педагогтар, ата-аналар және оқушылардың өзара байланысына, сондай-ақ балалардың эмпатия мен конструктивті қарым-қатынас дағдыларын дамытуға аударылды. ✅