Әкімшілік - №170 жалпы білім беретін мектеп http://170.alschool.kz/ ru Әкімшілік - №170 жалпы білім беретін мектеп DataLife Engine Мектеп әкімшілігі/ Администрация школы http://170.alschool.kz/o-detskom-sade/administraciya/278-administraciya-shkoly.html http://170.alschool.kz/o-detskom-sade/administraciya/278-administraciya-shkoly.html  

КММ №170 ЖББ мектеп директоры Тастанбекова Гулнар Молдабековна 

Директор школы КГУ ОШ № 170 Тастанбекова Гулнар Молдабековна

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кутлукмаметова Гулинур Джалаловна 

  Заместитель  директора по учебно-воспитательной работе  Кутлукмаметова Гулинур Джалаловна 

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова Гульмира Нурмухановна 

Заместитель директора по воспитательной работе Сулейменова Гульмира Нурмухановна

]]>
 
admin2 Thu, 03 Sep 2020 16:11:47 +0600
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары/ Заместитель директора по ВР http://170.alschool.kz/o-detskom-sade/administraciya/123-zamestitel-direktora-po-vr.html http://170.alschool.kz/o-detskom-sade/administraciya/123-zamestitel-direktora-po-vr.html Ардагер  ұстаздар

Алматы  қаласы Түрксіб ауданына  қарасты №170 жалпы білім беретін мектеп 1958 жылдары іргесі қаланған. Бүгінгі таңда Қазақстанға еңбегі сіңіп, дүниеге кірпіш болып қаланған талай түлектер осы мектеп  қабырғасынан түлеп ұшқан болатын. Өткенге көз жүгіртсек, осы мектептің білім беру саласында жеткен жетістіктері,  марапаттары мен мақтаулары,  әрине, аз болған жоқ. Білім беру саласында  ұлағатты ұстаздар мен оқушылардың  барлық мүмкіндіктеріне көз жүгіртіп, мектептің қиын да  қыстау кезеңдерін  бастан кешірген  мектеп  директорлары да аз болмапты.  Солардың  бірнешеуін атап өтер болсам,  Малыхина Алла Викторовна, Абраменко Андрей Геннадьевич, Кужамбетова Раушан Кокеновна, Баймаханова Қарлығаш Сертказиевна.

«Мектеп – менің екінші үйім»  деп мектебіміздің  мәртебесін көтеруге атсалысқан  осынау  ұлағатты ұстаздарымыз  бүгінде еңбек ардагерлері, сондай-ақ өзге мектептерге ауысып, өз мамандығын жаңғыртып жүргендері  де бар. Әрине,  олар  әркезде  үлкен құрметке ие.  Қазіргі таңда  шәкірт тәрбиелеу саласында еңбек етіп  келе  жатқан ардагер-ұстаздарымыздың  ерен еңбектерін айтпай өтуге болмас. 1980 жылдан бері  оқушыларын білім нәрімен сусындатып келе жатқан Мукаева Дәмелі Вакасовнаның жас мамандарға үлгі боларлық еңбегі зор. Математика саласының хас шебері атанған Дәмелі апайымыз заман талабына сай жаңартылған оқу бағдарламасын еш қиындықсыз игеріп алғандығы  жаңашылдыққа жаны құмарлығының дәлелі. Павлодар облысы, Иртыш ауданында дүниеге келген ардагер ұстазымыз Павлодар педагогикалық институтын 1979 жылы тәмамдап,  2006 жылдан бері  аталмыш мектепке еңбегін сіңіріп келеді. Сондай-ақ,  Ершова Лилия Михаиловна  1981 жылы алғаш осы мектепке жас маман болып келген болса, бұл күнде  мектебіміздің ардагер-ұстазы.  Мектепке тарыдай болып кірген кішкентай бүлдіршіндеріміздің сауатын ашу,  адамгершілікке баулу барысында өзіндік  тәжірибесі зор.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем  ән мен тәтті күй» деп Абай атамыз айтпақшы, «әнді сүйсең менше сүй» деп жүрген ардагер-ұстазымыз Александр Петровичтің аталмыш мектепке  өз үлесін қосып, бүгінгі таңда еңбек демалысына аттанғаны да көз алдымызда.

Бұл күнде мектемізде жас мамандар көп, жаңартылған оқу бағдарламасы негізінде білім беріп,  Рухани жаңғыру аясында еңбек етіп келе жатқан жас ұстаздарымызды мақтанышпен айта аламыз. «Жас келсе іске» демекші, мектеп директоры Гүлнар Молдабекқызы да рухани жаңғыру барысында жастардың істерін қолдап, елбасының  елге артқан үмітін ақтау барысында өз ісіне білек сыбана кірісуде. Өмір жолын  қарапайым мұғалімдіктен  бастаған  мектеп директорымыз білім саласына сіңірген еңбегі зор.

 «Маған  мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп  Ыбырай Алтынсарин атамыз айтып өткендей  мен үшін мұғалім  қашанда ұлы  тұлға.  Еліміздегі  барша  ұлағатты ұстаздарды  төл мерекелерімен  құттықтап, бейнеттерінің  зейнетін көруге жазсын деймін.

Әр мамандықтың  өз майталман шеберлері  болады. Мұғалімдік мамандығын меңгерген ардагер ұстаздарымызды ардақтай білейік!  Мектеп өміріне өз іздерін салып кеткен ұстаздарымыздың  еңбектері елене берсін!

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі һәм бірегейі Мағжан Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» деген  ғой. Ендеше, Қазақстанның келешегін көркейтетін мектеп  мұғалімдеріне төзімділік пен ізденімпаздық, шығармашылық табыстар тілеймін.

]]>
Ардагер  ұстаздар

admin Thu, 13 Dec 2018 12:47:30 +0600