Аналар -ардақты ұғым/ Матери - благородное понятие » №170 жалпы білім беретін мектеп
Коммунальное государственное учреждение
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Бухгалтерия
+7(727) 223-33-49
Версия для
слабовидящих
» » Аналар -ардақты ұғым/ Матери - благородное понятие
02
март
2021

Аналар -ардақты ұғым/ Матери - благородное понятие

Бесікте – Ана, бесікте – бөбек:
Бірі тербеледі, бірі тербетеді.
Бал-бөбек былдыр, өсіп те келед,
Анаға жалғыз, сол жетеді.

Ана, Ана, қайран ана!
Тербейді Ана әлемдегі күлкіні,
Нұр себеді аналардың кірпігі
Өліге де ояуға,
Ана дайын біреу үшін жылауға,
Біреу үшін аяуға.

Тербейді Ана қуанышты, бақытты,
тербейді Ана – тебіренеді жаны шын.
Тербейді Ана уақытты;
Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.
Тербейді Ана бөбегін,
Сол арқылы тербетеді өз елін,
Құмын, тауын, өзенін.
Тербейді Ана көлеңкені, шуақты –
Планетаның алақаны сияқты...

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: