Құрметті ата-аналар, оқушылар қуаныш құтты болсын! » №170 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті ата-аналар, оқушылар қуаныш құтты болсын!
02
қыркүйек
2021

Құрметті ата-аналар, оқушылар қуаныш құтты болсын!

Құрметті ата-аналар, оқушылар қуаныш құтты болсын! Соңғы уақытта ауданымызда бірнеше білім шаңырақтары бой көтерді.Солардың бірі біздің № 170 ЖББМ. Жаңашыл заманда, тек білікті педагог даярлап қана қоймай, ұстаздарымызға еңбек етуде қолайлы жағдай жасап, оқушыларымыздың білім алуына сапалы әрі саралы жол ұсынған Алматы қаласының әкімдігіне, құрылыс және абаттандыру бөліміне, қалалық білім басқармасына, Түрксіб ауданының әкімдігіне алғыс білдіреміз. № 170 ЖББМ 1958 жылдан бері еліміздің ертеңіне алаңдайтын қылықты қыз, ұлықты ұл болатын шәкірттерді тәрбиелеп келеді. 2021-2022 оқу жылы біздің мектеп үшін ерекше. Жаңа мектебіміз жаһандану заманымызға сай цифрлы технологиялармен жабдықталып, шәкірттеріміздің білім алуына барлық жағдайлардың жасалып жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Білім ордамыздың бүгінгі бейнесіне көз салсақ ерекше мақтанамыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген ұлы сөздермен оқушыға шамшырақ болуды мақсат етеміз. Болашағымыздың ұлттық идеясын іске асыру аясында, Қазақстандық мектептердің білім беру кеңістігінің жағдайын назарға алған барша бөлім бірлестіктеріне № 170 ЖББМ атынан үлкен алғыс айтамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: