Мұқағали Мақатаев өлеңдері/ Стихи Мукагали Макатаева » №170 жалпы білім беретін мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№170 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-33-49
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали Мақатаев өлеңдері/ Стихи Мукагали Макатаева
18
ақпан
2021

Мұқағали Мақатаев өлеңдері/ Стихи Мукагали Макатаева

Анашым!

Асыл анам, есіл анам,
Елжіреп есіркеймін, есіме алам.
Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,
Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,
Оқытып кешеу барған хаттарымды
Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,
Оқуын ұлың жақсы аяқтады.
Анашым, білем сені, қарсы емессің
Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым!
Қайда жүрсем сен - күш, арым,
Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.
Қайда барсам, өзіндей қарсы алады
Кең байтақ Отанымның кең құшағы.
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: